Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы ұзартылды

Экс-министр 14 шілдеге дейін үйқамақта отырады


09/06/2021
14:22 42659 0

Фото: vlast.kz

 

Бүгін Астанадағы (Нұр-Сұлтандағы) мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 14 шілдеге дейін ұзартты. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлайды.

Сот отырысында Біртановтың адвокаттары мен қоғамдық қорғаушысы тергеу органдары заң бұзғанын алға тартып, экс-министрді үйқамақтан босатуды сұраған.

Ал прокуратура өкілдері, керісінше, үйқамақ шартын қатайтуды талап еткен.

Бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртанов 
2020 жылғы 7 қарашадан бері «аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен үйқамақта отыр. Экс-министр айтыпты жоққа шығарды. Бұған дейін оның үйқамақ мерзімі бірнеше рет ұзартылған еді.

Поделиться

Нет комментариев.

09/06/2021 14:22
42659 0

Уведомление